Ілияс Есенберлин

9 ноября, 2023

Ілияс Есенберлин
Ғашықтар
Көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлин көптеген әдеби шығармалардың авторы . Олардың қатарына елге және әлемге әйгілі тарихи «Көшпенділер» роман – трилогиясы соңғы онжылдықтар ішінде Қазақстан оқырмандары арасында ең көп тараған кітаптардың бірі. І.Есенберлин шығармаларының рухани кең және философиялық терең болуына автордың табиғи ерекше дарыны , оның ауыр өмір жолы , қиын да сонымен қатар тамаша шығармашылық тағдыры кепіл. Оқырмандарға ұсынылып отырған «Ғашықтар» романы автордың шығармаларының арасында ерекше орны бар. Бұл кітап терең қайғы қасіретті басынан кешіруі арқасында адам жанының өсіп дамуының құпиялары көрсетіледі. Бұл шығарманың «Ғашықтар» деген атауы өте орынды. Себебеі адамдар өз қателіктерін көре отырып, сол кемшіліктерді түзетеді. Романда басты кейіпкер Жантастың сонау студенттік шағынан бастап , өмірдің әр қилы соқпақтарынан өтіп бір орында тоқтап қалмай қиындықтарға мойымай батылдық, сенімділік, адалдық, өмірге деген құштарлығын байқадым. Шығарманың басты ерекшелігі адам бойындағы мейірімділік, адалдық, өз ісіне беріктікпен сипат алады. Шығармада автор басты кейіпкердің мүсінші екенін және де өзге де кейіпкерлердің түр тұлғасын ерекше сипаттап, олардың сымбаттылығын , сезімталдылығын нақышына келтіре бейнесін айшықтады. Өмірде ғашықтық сынынан қиын сын бар ма? Шығармадағы Жантас пен Аяужан сол сыннан сүрінбей өте алды.
Құрметті оқырмандар!
Осы кітапты Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханадан алып оқи аласыздар.

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!