ДосболLIKE: достық қолын ұсын

8 Ақпан, 2024

2024 жылғы 17 қаңтар мен 17 ақпан аралығында «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы өтіп жатыр. Бұл акция оқушыларды мектепте достық қарым-қатынас орнатуда белсенді болуға ынталандырады.
Бұл балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендерінің бастамасымен оқушалардың жағымды қарым-қатынасы мен эмоционалдық көңіл-күйін дамыту мақсатында қолға алынған «ДосболLIKE» бағдарламасының басталуы болып табылады.
Акцияның ұраны: Нағыз дос болғың келсе, бол!
Акция аясында Орталық балалар кітапханасының кітапханашылары №5 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларымен «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» тақырыбында іс-шара өткізді. Кітапхана қызметкерлері «Достық – құнды сыйлық» презентациясын көрсетіп, балаларға дос болу, достықты бағалау қаншалықты маңызды екенін айтты. Балалар өте ізденімпаз, позитивті және мейірімді. Олар кітапханашымен достық туралы қызу әңгімелесті, сұрақтарға жауап берді, сурет салды, кітапхана қорындағы достық туралы қызықты кітаптармен танысты.

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!