Кітаппен бірге демаламыз  

9 Маусым, 2023

Жаз – балалар үшін ең әдемі, ең қызықты, ең көп күткен кезең. Бұл демалыс, жылы және шуақты күндер, сонымен қатар қызықты кітаптарды оқып, табиғат аясында демалуға тамаша уақыт.

Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері №14 мектептің жазғы лагерінің балаларына арнап «Кітаппен бірге демаламыз» атты библио-пикник дайындады.

Библио-пикник «Ертегі кейіпкерлерінің әліппесі әдеби ойынынан басталды, балалар бір-біріне доп беріп, әліппенің әр әрпінен басталатын ертегі кейіпкерін еске түсіруі керек болды.

Әрі қарай балалар әдеби кейіпкерлер туралы жұмбақтарды тауып, оларды шешіп, олардың қандай кітаптан екенін, кітапханашылар өздерімен бірге алып келген кітаптардан іздеді. Трафареттерді пайдалана отырып,  асфальтқа түрлі-түсті қарындаштармен ертегі кейіпкерлерінің суретін салды. Әдеби жасырынбақ ойнады, онда өздеріне жұп табу керек болды. Әр балада кейіпкер есімінің бір бөлігі ғана болды, мысалы, біееуінде «Алдар», екіншісінде «Көсе» болды, бірін-бірі тауып, есімдерді біріктіру қажет болды.

«Ертегі глобусы» әдеби картасында балалар әдеби кейіпкердің қай шығармаға және елге жататынын болжады. Мысалы: Карлсон-Швеция, Қызыл телпек – Франция, Су перісі – Дания және басқалар.

Библио-пикник қазақ халық ертегісінен «Отыншының қызы» ертегісін дауыстап оқумен аяқталды.

Іс-шара көңілді және танымды өтті. Балалар ертегілер туралы тамаша білімдерін көрсетті. Іс-шараның барлық қатысушылары жақсы көңіл-күймен және оқу буклеттері мен бояу бетбелгілерінің жиынтығымен тарқасты.

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!