Ұлы француз ертегішісі

10 Қаңтар, 2023

№1 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Ш. Перроның 395 жылдығына орай «Ұлы француз ертегішісі» викторинасын өткізді.

Іс-шараның басында балалар әлемге әйгілі жазушының өмірі және шығармашылығымен танысты. Кітапханашы авторлық ертегі мен балалар әдебиетінің атасы болып саналатын Шарль Перро, ал оның ізбасарлары Г. Х.Андерсен, А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой және балаларға арналған ертегілер жазған көптеген басқа жазушылар болғанына балалардың назарын аударды.

Әрі қарай балалар «Золушка», «Етік киген мысық», «Ұйқыдағы ару», «Қызыл телпек», және т.б. ертегілерге негізделген викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді.

Содан кейін кітапханашы балаларды Шарль Перроның кітаптарымен таныстырды.

Викторина соңында қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!