Ақпарат

10 Қараша, 2021

Н.В.Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Риддер қаласының Жастар орталығында «Парасат жолы/ Дорога добропорядочности» бұрышы, «Адалдық алағы/ Площадь честности» жобасы аясында санитарлық нормаларды сақтай отыра «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ құру» атты интерактивті әңгіме – түсіндіру өткізді. Риддер қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің заң кеңесшісі Н.Е.Уалиханова жиналғандарға «Парасат жолы» бұрышының орталық қалалық кітапханасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, оның мақсат-міндеттері туралы (ағартушылық іс-шаралар, түрлі құқықтық актілерді түсіндіру, әдептілікке тәрбиелеуге көмектесу) әңгімелеп берді. Н.В.Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханасынң кітапханашысы Л.В.Ярыгина сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту тақырыбында бейнероликтер дайындап, жастардың бойында адамгершілік, адалдық, әдептілік негіздерін қалайтын әдебиеттану пәнінен интеллектуалдық ойын өткізді. Белсенді қатысушылар кітапхананың тәтті сыйлықтарына ие болды. 10 адам қатысты.

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!