
Орталық қалалық Н.В. Гоголь атындағы кітапхана кітапханасында «Кітап әлемі баршаға ашық» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шара Ұлттық кітап күні апталығы аясында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына кітапхананың мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға бағытталды.
Келушілер кітап қорының байлығымен танысып, заманауи қызмет түрлері туралы ақпарат алды, сондай-ақ түрлі көрмелер мен танымдық бағдарламаларға қатысты. Ашық есік күні аясында оқырмандарға жаңа әдебиеттер ұсынылып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Шара барысында қатысушыларға кітапхананың цифрлық ресурстары мен қызметтері таныстырылып, мәдени-рухани құндылықтарды насихаттау жұмыстары жүргізілді. Бұл күн кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, кітапхананың ашық әрі қолжетімді мәдени орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Оставить комментарий
Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!