
Дара тұлға
«Ана мен еңбеккердің ерлігі марапатты қажет етпейді – бұл даңқтан жоғары»
Константин Симонов
Өз ісінің кәсіби маманына, тамаша тұлғаға арналған бұл сөздер Н.В.Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері ұсынған «Қала тағдыры тұлғалардың кейпінде» цикліндегі «Керемет адамдардың өмірі» авторлық бағдарламасы аясында «Дара тұлға» атты әңгіме сағатына эпиграф ретінде қызмет етті. Бұл қасиеттердің барлығы Эсенова Алима Кабашовнаға тән. Ол үлкен көшбасшылық тәжірибеге, тамаша ұйымдастырушылық қабілетіне ие.
Іс-шараға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, оқушылар, жұртшылық өкілдері қатысты.
Кітапхана қызметкерлері Алима Кабашовнаның өмірі мен қызметі туралы әңгіме, презентация дайындады. Ол туралы Әлиакбар Нұрпейісовтің фильмі көрсетілді. Достардан, әріптестерден, мемлекеттік ұйымдардың өкілдерінен көптеген жылы сөздер айтылды. Жиналғандардың назарына біздің құрметті тұлғамыздың балалары мен жиенінің бейне үндеулері ұсынылды.
Жиналғандар өз сөзінде бірауыздан Алима Қабашовнаның мейірімділігімен, көпшілдігімен, тәртіптілігімен, ұқыптылығымен ерекшеленеді деген пікірлерін білдірді. Оның бүкіл өмірі қала мен елді дамытуға бағытталған, халқына риясыз қызмет етуге арналған. Еңбекке деген жауапкершілік пен саналы көзқарас әрбір адамға жарқын үлгі, өмірлік бағдар болып табылады.
Оставить комментарий
Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!