13 октября, 2025

№3 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Өскемен қаласында өткен «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында «Абай және оның замандастары» атты кітап көрмесін безендірді.

Көрме төрт бөлімнен тұрды:

1.Абай әлемі: ақын, ағартушы

2. Шәкәрім – Абайдың адал ізбасары

3.Абай және А.Байтұрсынов: идеялық бірлік

4. Ұлы дала ойшылдарының мұрасы

Әр бөлімде қазақ халқының ұлы ойшылдарының рухани мұрасы, олардың әдебиет, ағартушылық және ұлттық сана дамуына қосқан үлесі көрсетілді.

Келушілер Абай дәуірін бейнелейтін сирек басылымдармен, өлең жинақтарымен, өмірбаяндық материалдармен және иллюстрациялармен танысты.

Сонымен қатар, Орталық қалалық кітапхана мен Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері ұлы ақынның шығармашылығына арналған қызықты викторина өткізді. Шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен еңбектері туралы білімдерін сынап, жаңа мағлұматтар алды.

Көрме мен викторина Абай мұрасының — тек тарих қана емес, әр буынға шабыт сыйлайтын рухани қазына екенін еске салды.

 

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!