
Орталық балалар кітапханасында ұлы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығынаарналған «КІТАРТІМЕ 2025» Республикалық кітап фестивалі аясында «№10 ОМ» КММ 6-сынып оқушылары «Кітаптың жеті қазынасы» атты лото-ойынына жиналды.
Іс-шара барысында балалар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және философы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты.
Ойынның басында қатысушылар топтарға бөлініп сұрақтарға дұрыс жауап беріп қана қоймай, топтың рухын көрсетуге тырысты.
Сұрақтар әр түрлі тақырыпта болды – кітаптың атауын және жазушыны атау, шығарма үзінділерін, қанатты сөздерді табу, және тағы басқалар.
Ойын көңілді және қызықты өтті.
Оставить комментарий
Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!