13 июня, 2025

23 сәуірде Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мерекелер күнтізбесіне енгізілген Ұлттық кітап күні атап өтіледі.

Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханасында осы мереке аясында «Кітапханадағы кеш» акциясы өткізілді. «Кітапханадағы кешке» қала әкімшілігі, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, Риддер колледжінің студенттері, мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары шақырылды.

Ұлттық кітап күні салтанатты түрде ашылды: фанфарлар, құттықтаулар, Мәдениет сарайы әртістерінің қойылымдары шырқалды.

Ұлттық кітап күнін мерекелеуге кітапханамыздың ең қарт оқырманы Бедарева Тамара Мефодьевна шақырылды. Ол кітапқа деген сүйіспеншілік пен адалдықты өмір бойы алып жүрді. Кәзір де ол кітап оқуды жалғастыруда, кітапхана қызметкерлері үнемі сүйікті басылымдарын үйге әкеліп береді. 97 жасында ол өзі кейде кітапханаға әдебиет алу үшін келеді.

Сондай-ақ, Орталық балалар кітапханасының ең белсенді оқырманы Құмархан Мерейлім, «№ 11 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2-А сынып оқушысы шақырылды.

Мереке құрметіне Бедарева Тамара Мефодьевна мен Құмархан Мерейлім естелік сыйлықтармен марапатталды.

Акция бағдарламасына танымдық-ойын бағдарламалары енгізілді, онда жастар өкілдері қазақстандық, оның ішінде Риддер авторларының шығармашылығымен, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша әдебиеттермен танысты. Қатысушылар зияткерлік ойындарға: квиз, конкурс және сұрақ-жауап ойындарына қатысты.

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!