Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханада І. Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Қазақты әлемге таныған қаламгер» әдеби сағаты өткізілді.
Кітапханашы қазақ жазушысы, тарихи романшыл Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы слайд-презентация дайындап, Қазақ хандығының бес ғасырлық тарихына арналған «Көшпенділер» тарихи-шежірелік романының қалай жазылғаны туралы айтып берді. Жазушының шығармашылығы туралы фильмнің үзіндісі көрсетілді.
«Бірге оқимыз» — оқушылар І. Есенберлиннің шығармаларынан үзінділер оқып, оқығандарын талқылады.
Кітапханада жазушының мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оставить комментарий
Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!