27 мая, 2024

«Скажи, напрасно ли поэт

В свой день и час рождается на свет?», —

ақынның осы жолдарынан Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханасында Қазақстан мен Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, 30-дан астам кітаптардың авторы, Петр ғылым және өнер академиясының академигі (Санкт-Петербург қаласы), Риддер қаласының Құрметті азаматы, «Кенді Алтай жазушылары» ӘО басшысы, дарынды ақын, жазушы, өлкетанушы-зерттеуші – Михаил Сергеевич Немцевті еске алуға арналған «Жан әлемін негізіне дейін айқара ашамын…» атты Немцев оқулары басталды.

Немцев оқуларына қатысушылардың орындауында Михаил Сергеевичтің өлеңдері, дарынды жерлес туралы естеліктер, бейнесюжеттер айтылды. «Жазғы күн» өлеңін «Балдәурен» балабақшасының тәрбиеленушілері орындады (Фурашов Рома, Бабина Юлия, Эккель Милана). Поэтикалық композицияны «Риддер колледжі» КМҚК студенттері дайындады (Жданова Карина, Овчарук Артем, Таркаева София, Томанова Сабина). «Кенді Алтайдың жазушылары» қалалық әдеби бірлестігінің мүшелері естеліктерімен бөлісіп, Ұстаз бен досына арналған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, ақындар өздерінің әдеби жетістіктері, жаңа кітаптары туралы айтып, Михаил Немцевтің өмірін арнаған істі, шәкірттері лайықты түрде жалғастыратынына назар аударды. «Менің жаным жоғарыдан ішкі дауысты естиді» – естелік кітап көрмесі дарынды жерлестің қаланың мәдени дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетті.

Іс-шара «МИХАИЛ НЕМЦЕВ. ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ» флешмобымен аяқталды.

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, звоните нам по телефонам:

Оставить комментарий

Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!