
№3 кітапхана-бөлімшесінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, «Кітап тайм» акциясы аясында, кітапхана қызметкерлері қызықты іс-шара – «Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» атты әдеби батл өткізді.
Қонақ ретінде «Казцинк» ЖШС қызметкерлері келіп, ойынға белсене қатысты. Батл 4 кезеңнен тұрды:
1️. «Классиктер» – ұлы ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар.
2️. «Шығармалар» – әдеби туындылардың атауы мен авторын табу.
3️. «Мақал-мәтелдер» – халық даналығын қаншалықты білетінін тексеру.
4️. «Тосын сый»– шығармашылық пен күтпеген тапсырмалар, ойынға ерекше қызығушылық қосты.
Қатысушылар тапқырлықтарын, білімдерін және қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Батл атмосферасы тартысқа толы әрі достық рухында өтті. Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері әдеби батл сұрақтары дайындалған қазақ жазушыларының кітаптарына шолу жасады.
Мұндай кездесулер тек білімді тексеріп қана қоймай, қазақ әдебиетінің бай мұрасымен қайта сусындауға мүмкіндік береді.
Оставить комментарий
Рады будем ответить на любые Ваши вопросы, пишите нам!